Білім беру

Көкшетау техникалық институтының курсанттары ант қабылдады

Ресей Федерациясының ТЖМ мамандандырылған жоғары оқу орындарына оқуға аттанатын, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының курсанттары салтанатты түрде ант берді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола 24 Тамыз, 10:08

Айта кетерлік жайт, қабылдау комиссиясының шешімімен Ресей Федерациясының ТЖМ-нің мемлекеттік өртке қарсы қызмет Академиясында 17, Азаматтық қорғаныс академиясында 5, Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетінде 10, Уральск қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет институтында 15 адам оқытылады.

Командирлерінің, жолдастарының және туысқандарының алдында курсанттар мемлекетіміздің игілігіне лайықты қызмет етуге антын қабылдады.

«Бізде, Қазақстанда жастарға жоғары білімді игеру үшін көптеген жағдайлар, мүмкіндіктер көрсетілген. Сіздер Ресей Федерациясының беделді жоғары оқу орындарына аттанғалы отырсыздар. Естеріңізде  болсын, нағыз  өз елінің патриоты өзінің мемлекетке деген махаббатымен, отан алдындағы адалдығымен  және әскери борышын абыройымен атқарып, болашақ өмірге деген берік ұстанымымен анықталады. Сондықтан, болашақта құтқарушылардың жоғары талаптарына сәйкес болу үшін, Сіздер жақсы оқып, тәртіпті болып, адал қызмет етуілеріңіз қажет» - деп атап өтті Көкшетау техникалық институтының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпханов.

Іс-шара Ресей Федерациясының ТЖМ мамандандырылған жоғары оқу орындарына аттанатын курсанттар мен ата-аналардың нұсқаулы жиналысымен аяқталды. Институт басшылығы жиналыс барысында жиналғандарды білім алу мекемелеріндегі оқу  процессімен, ішкі күн тәртібін сақтау және әскери тәртіп ережелерімен таныстырды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика