Халықаралық интеграция

Арменияның әскери қызметшілері жыл сайынғы халықаралық «Достастық жауынгері» байқауына қатысты (ВИДЕО)

Жыл сайынғы халықаралық «Достастық жауынгері» байқауына осымен екінші жыл қатарынан қатысып келемін, деп хабарлады Рязань әуе-десант командалық училищесінің оқу тобының командирі, сержант Давид Оганесян Астанадағы «Достастық жауынгері» байқауының салтанатты марапаттау рәсімінде.
Астана қаласы 24 Тамыз, 09:32

«Біздің елдерімізде іріктеу турлары өткізіледі, өз елінде жеңіске жеткен азамат ақтық мәреге қатысуға мүмкіндік алады. Мен Арменияда осымен екінші жыл қатысып келемін, сәйкесінше финалға да қатысудамын. Мен үшін ең қиын кезең халық алдында шығармашылық өнерінді көрсету ең қиыны болды», - деді Д.Оганесян.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, Қазақстанда ол алғаш рет, алайда табиғи ерекшелігі Армениямен ұқсас.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16-20 тамыз аралығында Жамбыл облысының «Отар» 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасында «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауы өткізілді. Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан әскери қызметшілері алты байқау бойынша сайысқа түсті. 

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика