Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Жайылғанова: ҚР Конституциясы адам өміріндегі барлық салаларды реттейді (ВИДЕО)

ҚР Конституциясы адам күнделікті өмірінде бетпе-бет келетін барлық салаларды реттейді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Конституция кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанова «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 24 Тамыз, 08:56

«Біз Конституция туралы сөз қозғағанда оны адамның құқығы мен еркіндігін реттейтін басты заң ретінде қабылдаймыз. Адамның күнделікте өмрде бетпе-бет келетін жағдайларды барлығы заңнамамыз Конституцияның көзі», -деді сөз басында А.Жайылғанова.

Оның айтуынша, көбіне ел экономикасының Конституцияға тәуелді екені туралы айту ұмытылып кетеді.

«Мұндағы байланыс өте тығыз. 1986 жылы америкалық конституциятанушы Джеймс Бьюкен «Конституциялық экономика» тақырыбымен Нобель сыйлығын иеленді. Ол алғаш рет конституция мен экономиканы байланыстырды.  Мәселен, жай сайлау науқанын өткізудің өзі экономика, қанша саулаушы келеді, қанша сайлау учаскесі болады, мұның барлығы тікелей экономикамен байланысты. Біздің конституциямыздың 24 бабында еңбекті таңдау еркіндігі аталып көрсетілген немесе 26 бабында әр адамның салық төлеуге міндетті екені аталып көрсетілген. Бұл да экономика», - деп атап өтті ол.

Қазақстан Республикасы Конституция кеңесінің мүшесі баса айтқандай, Қазақстанда Конституцияның 1 бабы 2 бөлімінде әр азаматтың игілігі үшін экономикалық даму басты принціп болып көрсетілген.

«Бұдан әр азаматтың тегін білім алуы және бәсекеге қабілетті жоғары білім алуы, мүгедектік бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы шығады. Бұл біздің әлеуметтік мемлекет екеніміздің белгісі. Бұл Конституцияның әр азаматтың өміріндегі ролін  білдіреді», - деп түйді А.Жайылғанова.

Анар  Тәңірқұлова  





Дерекнама

Яндекс.Метрика