Ұлттың денсаулығы

Оралда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты аяқталды (ФОТО)

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXII ашық жазғы чемпионатының соңғы кезеңі 20 тамыз күні «Ақжайық» стадионында өтті. Соңғы кезең жауынгерлік қанат жаю спорт түрі бойынша болды . Бұл әрбір қатысушы жұмыстың реттелгені мен нәтижелігіне септігін тигізетін командалық ойын, деп хабарлады БҚС ТЖД баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 24 Тамыз, 09:13

Жарыста қатысушылар өз дайындықтарын, жеңіске деген ұмытылыстарын көрсетті. Әйел адамдар командасы ер адамдар командасынан еш кем қалыспай, күштері мен кәсібилігін көрстеіп, ширақ қимылдарымен жауынгерлік қанат жаюдан өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықтылды: бірінші орынды - Жамбыл облысының командасы, екінші орынды - Астана қаласының командасы, үшінші орынды –Оңтүстік Қазақстан облысының командасы иеленді.

«Аталмыш спорт түрінен Батыс Қазақстан облысының ер адамдар командасы 28,04 көрсеткішімен Қазақстан Республикасының рекордын орнатып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы және үшінщі орынды Қызылорда облысының командалары иеленді. Ер адамдар арасындағы қызу тартыс, әсерлі кезеңдер мен сайыстар нәтижесінде ұпай сандарының  айырмашылығымен бірінші жалпы командалық орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, екінші орынды – Ақмола облысының, үшінші орынды – «Өрт сөндіруші» АҚ командалары қанжығаларына байлады»,- делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, осы спорттық шарада спортшылар жаңа спорттық жетістіктерге жетті. Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Колотова Марина чемпионат кезінде, яғни кедергілері бар 100 мерлік жолақты өту және оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу кезеңінде Қазақстан Республикасының екі рекордын орнатса, БҚО командасы жауынгерлік қанат жаю бойынша Қазақстан Республикасының рекордын орнатты. 





Яндекс.Метрика