Ұлттың денсаулығы

Астанада дзюдо күресінен әлем біріншілігі өтеді

2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы — Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі., деп хабарлады ҚР МСМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Тамыз , 16:02

Аталып өткендей, Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған.

Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 200 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды болып табылады.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдыны сарайында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.

Осы әлем бірінішілігі аясында Халықаралық дзюдо федерациясының Конгрессі өткізіледі. Аталмыш шара ереже бойынша екі жылда бір рет ұйымдастырылады, соңғысы 2013 жылы Бразилиядағы әлем біріншілігі барысында өткізілген. Жиынның күнтәртібінде Халықаралық дзюдо федерациясының кейбір қызыметкерлерін алмастыру және басқа да мәселелер қарастырылмақ.

«Әлем чемпионаты 150 елде көрсетілетін болады. Жапония, Франция, Бразилия, Қытай, Ресей, Нидерланды, Австрия, Аргентина, Венгрия, Румыния, Моңғолия, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тұрғындары жарысты тамашалай алады. Қазақстан аумағында жарысты көрсету құқығына «Казспорт» телеарнасы ие. Ел жанкүйерлері аталмыш арна арқылы додалы жарысты тікелей эфирде тамашалай алады», - делінген хабарламада.

Қазақстаның намысын ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары қорғайтын болады. Олардың қатарында, әлем чемпионы Максим Раков (Роттердам, 2009 жыл), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (Рио — де — Жанейро, 2011 жыл), Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов (Инчхон, 2014 жыл), Олимпиада ойындарына қатысқан Александра Подрядова (Лондон, 2012 жыл), Олимпиада ойындарына қатысқан Гүлжан Исанова (Бейжің, 2008 жыл және Лондон, 2012 жыл) және т. б. спортшылар.

Естерінізге сала кетейік, өткен жылы Челябі (Ресей) қаласында өткен әлем брінішілігінде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер халықаралық ұйымның туын Қазақстан дзюдо фдерациясының Президенті Кеңес Рақышевқа табыс етті.




Яндекс.Метрика