Басқару

А.Ешмұратов: Айырбас бағамын еркін ұстау – үлкен институционалды өзгерудің бастауы

Айырбас бағамын еркін ұстау – үлкен институционалды өзгерудің бастауы, яғни әлемдік нарыққа жаңа қадам болып табылады, деп ағынан жарылды «Саясаттанышулар конгресі» ҚБ басқарма төрағасының орынбасары Арман Ешмұратов ОКҚ-да өткен баспасөз конферениясында.
Казахстан22 Тамыз , 12:03

«Еліміздегі теңгенің айырбас бағамын еркін дәліз нарығына жіберілуін, үлкен институционалды өзгерудің бастауы  яғни әлемдік нарыққа жаңа қадам басқанымыздың белгісі ретінде қабылдағанымыз жөн. Ол енді ел экономикасы мен отандық кәсіпкерлерге түрлі жағдайда өз әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені, әлемдік нарықта бәсеке күшті. Ал бәсеке бізді шыңдай түседі», - деді А. Ешмұратов.  

Ол өз сөзінде, мұндай жағдайда мемлекет мүмкіндігінше отандық кәсіпорындарға қол ұшын созатындығын атап өтті. 

«Елбасының жетекшілік етуімен өткен Кеңейтілген отырыста Президентіміз қандай жағдай болса да әркез табандылықпен төтеп беру керектігін ескертті. Әрине, орайын келтіріп, мемлекет отандастарымызға көмек қолын созатындығы сөзсіз. Әсіресе, тұрғын үй мәселесіне қатысты банк салымшыларының мәселесін Үкіметтік деңгейде шешу керектігін айрықша тапсырды емес пе?!»- деп түйді А. Ешмұратов.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика