Инвестициялар

Б.Байбек: Алматыда жыл сайынғы мұғалімдерді ынталандыру шарасы одан әрі жалғасын табады

Алматыда жыл сайынғы мұғалімдерді ынталандыру шарасы одан әрі жалғасын табатын болады. Бұл туралы шаһар әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен Тамыз кеңесінде белгілі болды.
Алматы қаласы22 Тамыз , 14:32

 «Үздік мұғалімдерді ынталандыру үшін қала бюджетінен жыл сайын арнайы қаржы бөлу жақсы дәстүрге айналды. Бұл үрдісті біз одан әрі жалғастыратын боламыз. Яғни, 500 үздік мұғалім мен 1000 жас педагогтың әрқайсына 150-ден 300 мың теңге көлемінде қосымша сыйақы төленетін болады», - деді Бауыржан Байбек тамыз кеңесі барысында .

Жиын барысында шаһар басшысы 32 ардагер ұстазға «Алматы» шипажайына жолдама беріп, «Ең үздік орта  білім беру мекемесі» байқауының жеңімпазы М.Мақатаев атындағы 140-шы мектеп гимназиясына 17 091 000 теңге көлемінде сыйақы табыстады. Жарыс Үкімет бекіткен ережеге сәйкес өткен болатын. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика