EXPO-2017

Қырғызстан ЭКСПО-2017 қатысу туралы келісімге қол қойды

Қырғызстан ЭКСПО-2017 қатысу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады сыртқы саясат ведомсвтосы.
Әлемде22 Тамыз , 13:46

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары – сыртқы саясат министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев іс-сапармен  Қырғызстан Республикасына барды.

Сапар аясында Р. Жошыбаев Қырғызстан Республикасының сырты істер министрі Ерлан Әбілдаевпен, Сауда-өндіріс палатасының президенті – ЭКСПО-2017 Қырғызстан ұлттық секциясының  комиссары  Марат Шаршекеевпен және «Газпромнефть Азия» компаниясының директоры Болат Әбілдаевпен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қырғызстан Республикасының 2017 жылы Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды. 




Яндекс.Метрика