Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Австралиялық компания Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына кірісуде

ҚР ИДМ-да ведомство басшысы Әсет Исекешев «Iluka Resources Limited» австралиялық компанияның Қазақстандағы өңірлік директоры Элисон Морлимен кездесті, деп хабарлады ҚР ИДМ «Қазгелогия» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан22 Тамыз , 12:59

Тараптар Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үш жер қойнауы учаскісінің жер қыртысын мемлекеттік геологиялық барлау бойынша жобаны талқылады. Аталған жоба жер қыртысын геологиялық зерттеу және барлау саласында өзара түсіністік ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде іске асырылуда.

Әсет Исекешев атап өткендей, геологиялық барлау жуырдағы жылдары жоғары технологиялық сервис ретінде елдің өнеркәсіп саясатындағы басымдықтардың біріне айналады. Оған қоса, шикізат базасы болмаған жағдайда жүргізіле алмайды. Сондықтан аталған салада мемлекет кешенді жұмыс жүргізуде, соның ішінде австралиялық әдіс бойынша заңнама ырықтандырылуда. Ағымдағы жыл аяғына дейін 100-ден кем емес объектілер бойынша аукцион жүргізу жоспарлануда. Жеңілдетілген әдіс бойынша алаңдар бөлінді.

Элисон Морли министрлікке осындай маңызды жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, соңғы жылғы компанияның Қазақстандағы қызметі туралы айтты және геологиялық барлау жұмыстарының басталуы туралы хабардар етті.

Австралиялық компания жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және одан әрі барлау бойынша жұмыстарды толық қаржыландыруды қамтамасыз етеді және коммерциялық табылым жағдайында сомасы 500 млн. АҚШ долларды құрайтын кен ошақтары мен байыту фабрикалары құрылысы мүмкіндігін қарастырады.  Компания ағымдағы жылдың қыркүйегінде аэрогеофизикалық түсірілім жүргізуді ниет етуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Iluka Resources Limited» австралиялық тау-кен компаниясы  әлемдегі ірі циркон өндірушісі және жоғары сапалы титан өнімін ғаламдық өндіруші болып табылады.




Яндекс.Метрика