Халықаралық интеграция

ДДҰ Қазақстанға тұрғындарға қызылшаға қарсы вакцинацияны жасауға көмектесуін жалғастыруда

ДДҰ Қазақстанға тұрғындарға қызылшаға қарсы вакцинацияны жасауға көмектесуін ары қарай жалғастырады, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.
Казахстан21 Тамыз , 19:42

ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының аймақтық директорының Арнайы өкілі, жұқпалы аурулар бөлімі жетекшісінің орынбасары Недрет Эмироглу ханым ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласының мәселелерін; қызылшаға қарсы иммундау қосымша кампаниясын жаңғырту ісіне дайындық жұмыстарын; Алматы қаласында алғашқы медико-санитарлық көмек бойынша ДДҰ-ның географиялық алыстағы кеңсесін ашу бойынша ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімін; ағымдағы жылдың 14-17 қыркүйегінде Вильнюс қаласында өтетін ДДҰ-ның Еуропа аймақтық бюросының 65-сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуын талқылады.

«Мен ДДҰ-ның Қазақстандағы Өкілі Мелита Вуйновичке тұрғындардың арасында вакцинациялаудың қажеттілігін түсіндіруде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, ДДҰ сарапшыларына қызылшаға қарсы иммундау қосымша кампаниясын дайындық және жаңғырту жұмыстарына ықпал етуге өтініш білдіргім келеді», - деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Недрет Эмироглу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халық арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундауды дайындау мен өткізуде қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

 «Біз үшін де бұл өте маңызды мәселе. Ешбір жағдайда бұл кампанияның жұмысын тоқтатпау керек. Өйткені оның салдары өте қауіпті болуы мүмкін. Біз қажетті көмек көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қызылшаға қарсы иммундау кампаниясы 2015 жылдың 1 қазанынан бастап қайта жаңғыртылады. 




Яндекс.Метрика