Адами капитал

«Мерейлі отбасы» байқауы ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады – Жакиевтер отбасы

Отбасында 11 бала, 26 немере мен 5 шөберені тәрбиелеген Сағидулла мен Жәния Жакиевтер отбасында бастысы балаларға жақсы тәрбие мен білім беру болып келген. Отағасы өмірінің 50 жылын Ақтөбе облысы Үйіл ауданы Ақкемер ауылының орта мектебіне арнаған. Онда өз балаларымен қатар ауылдықтардың балаларын білім нәрімен сусындандырған. Әке жолын отбасындағы 5 бала жалғастырса, тағы үшеуі дәрегер, енді тағы бір үшеуі ауыл шаруашылығында нәпәқасын айыруда.
Ақтөбе22 Тамыз , 11:04

«Менің әкем бар өмірін мектеп пен балаларға арнады. Соңғы 30 жылда қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып істеді.  Анам педогогикалық институттағы оқуын соңына дейін аяқтамады, жарты жолдан тастап, бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Отбасында 11 баламыз. Барлық балалар жоғары білім алған. Бесеуі педагогикалық жолды жалғастырса, үшеуі дәрігер, тағы бір үшеуі инженер-агроном. Мен үлкен ұлмын, мамандығым хирург, алайда ұстаздық етуді де жаныма серік еткенмін. Дәрігер атанған балалардың барлығы университеттерде қосымша сабақ береді. Ата-аналарымыздың екі немересі Президенттің «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алған», - деп ағынан жарылды Жакиевтер отбасының үлкен ұлы Бәжібек «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

Жакиевтер отбасы жергілікті билікті ұсынысымен биыл «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында бақ сынады. Отбасы мүшелерінің пайымынша, байқау  ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады  .

«Менің ойымша, байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды және отбасы, неке, отбасылық жетістік деген ұғымдарды насихаттау. Мұндай байқауларды көптеп өткізген жөн, бұл жастарды отбасын құруға, бақытты болуға итермелейді», – деді ол.  

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика