Адами капитал

Қазақстанда бала асырап алу жасын 50-ге дейін ұзарту ұсынылуда

Казахстан21 Тамыз , 18:21

Ол еске салып кеткендей, бүгінде ҚР Неке және отбасы кодексінде бала асырап алудың шекті жасы – 45 жас деп бекітілген.

«Бала асырап алуға шешім қабылдағандардың басым бөлігі 45 жастан асады. Бұл ретте сот төрағалары олардың өтінішін заң аясында қанағаттандырмай, кері қайтарып жібереді. Бүгінде зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды, онда 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетақы жасы жыл сайын 2027 жылға дейін арттырылады деп көрсетілген. Менің ойымша осы заңды пайдаланып, аталмыш мақсатта шараларды қолға алсақ болады, еш болмаса шекті жасты 50-ге дейін ұзартуға болар еді», – деді Н. Раззак.

Оның пайымынша, мемлекет жетім баланың жақсы отбасында өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауда, отбасылық орта, аналық махаббат баланың жақсы тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. 




Яндекс.Метрика