Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да бизнес субъектілерін жоспарлы тексерулер 4 есеге қысқарды

ҚР-да бизнес субъектілерін жоспарлы тексерулер 4 есеге қысқарды, деп мәлімдеді Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында.
Казахстан24 Қазан , 18:06

Айта кету керек, биылғы жылдың 11 қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Салық комитеті қызметіне қатысты сын айтқан болатын. Әсіресе бизнес субъектілерін заңсыз тексеруді сынаған.

«Мұндай сынның айтылғаны рас, алайда біз қол қусырып қарап отырмаймыз. Тексеріс жүйесін тәртіпке келтіреміз. Өздеріңізге белгілі, 2010 жылдан бастап жоспарлы тексерісті біз алдын ала жариялап отырамыз. Желтоқсан айында бизнес субъектілері тексерістің қашан болатынын біліп отырады. Сонымен қатар, тексеріс болардан бір ай бұрын тағы да ескертеміз. Сол үшін құзіретті орындар қалаған уақыттарында барып тексере бермейді», - деді Ә.Жұмаділдаев.

Салық комитеті төрағасының айтуынша, жоспарлы тексеріс 4 есеге азайғанын мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика