Өңірлер

Ақмола облысында ОКҚ филиалы ашылды (ФОТО)

Көкшетау қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің филиалының ашылу салтанаты өтті. Шараға қызмет директоры Ержан Бабакумаров, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов пен аймақтың бизнес секторы қатысты.
Ақмола21 Тамыз , 18:03

Алғашқы брифингтің бірінші тақырыбы Ұлт жоспарын есепке ала отырып Ақмола облысында әлеуметтік және туризм саласында басымдылық берілген бағыттарды жүзеге асыру барысына арналды.

Онлайн режимінде өткен конференцияға Астана мен Ақтау қалаларының өкілдері қатысып, өз сұрақтарын қоя алды.

Ақмола облысының филиалы осымен жетіншісі, жыл соңына дейін тағы жеті аймақта ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында құрылған. 




Яндекс.Метрика