Мәдениетті жаңғырту

Қазақстандық 9 жасар қыз «Балалар Жаңа Толқыны-2015» халықаралық музыкалық байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді

Қазақстандық Данэлия Түлешова жас орындаушылардың «Балалар Жаңа Толқыны-2015» музыкалық байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді, деп хабарлады елорданың мәдениет басқармасы.
Әлемде 22 Тамыз, 10:02

9 жасар қыз Елорда күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауында Гран-при иегері атанып, аталмыш байқауға жолдама алған болатын.

Данэлия «Балалар Жаңа Толқыны» байқауының бірінші күні ең жоғары балл жинап, көш бастады. Қазылар алқасы қазақстандық қатысушының таланты мен вокалдық өнерін ерекше атап өтті. Музыкалық жарыстың қорытындысы бойынша көрермендер арасында дауыс беру өткізілді.

«Жалпы, байқауға қатысушылар үшін 13 мыңнан астам дауыс берілген, соның ішінде 5 мыңнан астамы Данэлия Түлешованы қолдаған. Аталмыш номинация бойынша жеңімпазға сыйлықты Лев Лещенко табыстады», - делінген хабарламада.  

Белгілі әртістен басқа қазылар алқасының құрамына Филипп Киркоров, Игорь Крутой, Сергей Лазарев, Юлия Савичева, Александр Рыбак және т.б. сынды ресейлік эстрада жұлдыздары енген.

Жас орындаушылардың «Балалар жаңа толқыны-2015» танымал халықаралық байқауының бас жүлдесін Мальта әншісі жеңіп алды.«Дикие гитары» ресейлік дуэті және болгариялық Крисия Тодорова екінші орынды өзара бөлісті. Армениялық әнші үшінші орынға ие болды.

Жалпы байқауға әлемнің 12 мемлекетінен 15 орындаушы қатысты. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика