Басқару

ҚР ЖС: 2015 жылдың 1 жарты жылдығында сотталған кәмілетке толмағандардың саны 26%-ға төмендеді

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның ювеналды сотарына 700-ге жуық қылмыстық іс келіп түсті, бұл 2014 жылмен салыстырғанда екі есе кем, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының судьясы Мейрам Жангутдинов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы21 Тамыз , 16:58

«Бірінші жарты жылдықта ювеналды соттарға 697 қылмыстық іс келіп түсті, бұл 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткіштен 50,2%-ға төмен. Өткен жылдан келген істерді есепке алғанда 793 іс аяқталды, оның ішінде 308 қылмыстық іс бойынша немесе 38,8% үкім шығарылды», - деді М.Жангутдинов.

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша сотталған кәмілетке толмағандардың саны 26%-ға төмендеді.

«Сонымен, 2014 жылдың алғашқы 6 айында 379 кәмілетке толмағандар сотталды, 2015 жылдың сәйкесінше кезеңінде - 281 тұлға», - деді ол.

Осы ретте, Мейрам Жангутдинов атап өткендей, бас бостандығынан айырылған кәмілетке толмағандардың жалпы саны 15,6%-дан  14,2%-ға дейін төмендеді. 




Яндекс.Метрика