Басқару

А.Сәрсенбаев: ҚР азаматтары сот процестеріне салмақты қарау керек (ВИДЕО)

Азаматтар өздері сот процестеріне салмақты қарау керек, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының судясы Аменгелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz.»АА берген студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 21 Тамыз, 17:31

«Азаматтар өздері сот процесіне салмақты қарау керек. Олар сотқа арыз тастайды және судя оны қашан шешіп береді деп күтіп отырады. Судя ол тәуелсіз және тараптардың біріне ерекше көңіл бөле алмайды, себебі қарсы тарап арыз түсіруі мүмкін»,- деп түсіндірді А.Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, судя өз кеңестерімен сот процесінде көмектесе алмайды.

«Судя тараптың біреуі көмек сұрап өтініш білдіргенде ғана көмектесе алады: сараптама тағайындау, кейбір құжаттарды талап етуде және куәгерді шақыруда. Бүгінде судя белсенді болуы үшін Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізілуде. Мен сот төрағалығы этикасы комиссиясында жұмыс істеймін, тәжірибе көрсетіп отырғандай судялардың үстінен түсірілетін шағымдардың көбі негізсіз»,- деді А.Сәрсенбаев.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика