Адамзаттық капитал

Қазақстанның әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» байқауында жеңіске жетті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстанда 16-20 тамыз аралығында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Достастық жауынгері» халықаралық байқауы өтті.
Астана қаласы21 Тамыз , 18:52

Жамбыл облысының «Отар» 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасында өткен байқауға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның 30-ға жуық  әскери қызметшілері қатысты.

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

«Біз үшін ТМД елдеріндегі жауынгер достарымызды қарсы алу, олармен білімдері мен тәжірибелерін бөлісу, бірлік рухы мен бауырластықты сезіну үлкен құрмет. Бұл байқау –өзара тиімді серіктесті дамыту, сенімділік пен тату көршілік қарым-қатынасын нығайту жолында Елбасының бастамасымен жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан көп жақты және нәтижелі ынтымақтастықтың маңызды бір ғана қыры болып танылады. Әскери ынтымақтастықтың әр түрлі саласы мен құрылымдық ауқымы кеңейіп келеді. Жыл сайын қатармызға жаңа қатысушы елді қабылау көңіл қуантады» - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов марапаттау барысында.

Аталған жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері барлығынан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын – Беларусь Республикасына, үшінші орын – Ресей Федерациясының командасына бұйырды.

 «Достастық жауынгері» бас аталымының жеңімпазы сержант Орынбек Сәндібеков (1орын), аға сержант Рүстем Сәтжанов (2) және аға сержант Әміржан Маушев (3) еншіледі.

 

Бұдан басқа, «Үздік жауынгер қыз»  номинациясында - кіші сержант Людмила Губарева жеңіске жетті

Ботагөз Айтжанова

Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика