Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Раззак: ҚР Конституциясы балаларға өмір сүру құқығы мен еркіндікті және отбасында тәрбиеленуді кепілдендіреді (ВИДЕО)

Астана қаласы жасөспірімдер істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Нәзилә Раззак «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Конституциясының бала құқығына байланысты кепілдемелері туралы әңгімелеп берді.
Астана қаласы 21 Тамыз, 15:51

Ағымдағы Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. Ел Конституциясының 12 бабында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Алайда балалар өз жастарының ерекшелігіне байланысты заңды құқығын толығымен өз бетінше қолдана алмайды. Біздің сұхбатымызда Нәзилә Раззак  ҚР Конституциясының бала құқығына байланысты кепілдемелері туралы әңгімелеп берді.  

«Ағымдағы жылы Ата заңға 20 жыл толады. Осы жылдар бойы әкелік және аналық туралы баптар заң институтымен тығыз байланысты. Әрине отбасы институтына көбірек көңіл бөлінеді. Мысалы, аяғы ауыр әйелдерге немесе көпбалалы отбасыларға. Мемлекет оларға мүмкіндігінше көбірек грант бөлуге тырысуда», - деді Н.Раззак.

Ол атап өткендей, Қазақстанда ерекше шаралар қарастырылған, себебі Конституция азаматтың негізгі құқығын туылған сәтінен бастап бекітеді.

«Неге туылған сәттен бастап құқық бекітіледі? Осы ретте Қазақстандағы құқықмүмкіншілігі мен ақыл есінің дұрыстығы арасындағы айырмашылықты ажырата білу керек. Адамның негізгі құқығы алынып тасталмайды және ол оған туылған сәттен бастап тиесілі. Балалар ол 18 жасқа толмаған тұлғалар. Мемлекет балалық шақты адам өміріндегі маңызды кезең ретінде мойындайды, Қазақстанда оған ерекше көңіл бөлінген», -  деп атап өтті төраға.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабында әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы деп көрсетілген. Сонымен қатар,  Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп баса айтылған», - деді Н.Раззак.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика