Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Ұлттық кітапханасында «Конституция» залы ашылады

24 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасында Конституциясының 20 жылдығына байланысты «Конституция» залы ашылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы21 Тамыз , 16:41

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстанның мемлекеттік бейнелемесі туралы оқырмандардың таным-түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын әрі құқықтық сана-сезімін қалыптастыру. 

Салтанатты шараға ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы И. И. Рогов, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, елордалық зиялы қауым, белгілі заңгерлер, ғалымдар, қаладағы мәдени мекемелердің жетекшілері қатысады.

Конституция Залының экспозицицясы 4 бөлімнен тұрады: 1. Қазақтың әдет-ғұрып ережелері; 2. Қазақстан Конституциясының тарихы; 3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститциясы; 4. Шет елдердің Конституциялары.

Экспозицицияның басты бұйымдары қазақтың әдет-ғұрып ережелері мен Қазақстан Конституциясының, сондай-ақ шет елдердің Конституцияларының тарихына байланысты 300-ден аса кітап, кітапша, кино-фото-фоно құжаттардан құралған.

«Конституция Залы ғалымдар, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары, кітапқұмарлар, сондай-ақ мемлекет тарихы бойынша әуесқойлардың жұмыс жасауына арналып отыр», - делінген хабарламада. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика