Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Е.Әбіл: Инфляциялық таргеттеу ҚР өндірушілеріне бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді

Инфляциялық таргеттеу Қазақстан өндірушілеріне нарықта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының экономика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Әбіл «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы сарапшылық клубының отырысында.
Астана қаласы21 Тамыз , 14:48

«Инфляциялық таргеттеу – ол мәжбүрлі шара. Біздің экспорт 2014 жылмен салыстырғанда 44%-ға төмендеді, егер экпорт құрылымының 75% шикізат, яғни мұнай, газ, металл екенін ескерсек, ЖІӨ құлдырады. Бюджет толтыру күмәнді болып қалды. Саяси сұрақ ұшығып кетті, ол еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттің егемендігі, салаларымыздың дамуын тоқтатпау мүмкіндігі, оның ішінде ИИДМБ бар», - деді Е.Әбіл.

«Біздің көршілеріміз – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өз валюталарын еркін ағымға ертеректе жіберіп қойған, бұл саясатты жақында Қытай қолдады. Бұған дейін Қазақстанның тауары қымбат болғандықтан бәсекеге қабілетті болмады, сондықтан кешегі шара ол мәжбүрлік болды. Менің ойымша бұл тренд әліде жолғасады. Жалпы әлемдік қаржылық модель өзгеруске ұшырауы ықтимал», - деп толықтырды Е.Әбіл.

Оның айтуынша, көптеген сарапшылар инфляциялық таргеттеуді 2014 жылы өткізу керек еді деген пікір білдіруде, алайда қазақстандықтар жағдайды түсінді және мұнай бағасын қадағылады.

«Кешегі жағдайды (инфляциялық таргеттеу) есепке алатын болсақ, экономикамыздағы ахуал біршама жақсы деуге толық негіз бар, біріншіден жұмыс орындары сақталуда, екіншіден – отандық өндірушілеріміздің нарықта бәсекелесуге мүмкіндігі бар», - деп баса айтты Е.Әбіл.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика