Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада жаңа бес экспресс-бағыт іске қосылады (ВИДЕО)

Астанада 2015 жылдың 29 тамызынан бастап жаңа бес экспресс-бағыт іске қосылады, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова брифингте.
Астана қаласы 21 Тамыз, 13:07

«Астанада 2015 жылдың 29 тамызынан бастап «Астана LRT» ЖШС жаңа бес экспресс-бағытты іске қосуды жоспарлап отыр», - деді сөз басында А.Жамалова.

Оның айтуынша, бүгін №100, №101, №102, №103 пен №104 бағыттарының жолы анықталып, келісілген болатын.

«№100 бағыт Астананың вокзалы мен әуежайын байланстырады, №101 аймақаралық ауруханалар мен Жағалау кешенін, №102 Көктал-2 шағын ауданы мен оңалту орталығын, №103 «Шарын» базары мен «Қараөткел» шағын ауданын,  №104 «Көктал-1» шағын ауданы мен «Сарайшық» тұрғын үй кешенін байланыстырады», - деді ол.

 «Астана LRT»ЖШС баспасөз хатшысы атап өткендей, «Экспресс» санатындағы автобустар күнделікті қоғамдық көліктерден ерекшеленеді, ондағы жолақы құны 150 теңге.

«Бұл баға тарифтерді есептеу әдістемесі негзінде қойылған болатын. Бұл тариф автобустың шығынын жабатын болады», - деді А.Жамалова.

Айта кетерлік жайт, экспресс-бағыттар жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға тегін, ал оқушылар үшін 50% жеңілдік бар.

Анар Тәңірқұлова 





Яндекс.Метрика