Адами капитал

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты офицерлердің 65%-дан астамы аттестаттаудан сәтті өтті

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты әскери бөлімдер мен бөлімшелердің басшылық құрамындағы офицерлердің 65 % астамы аттестациядан сәтті өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 21 Тамыз, 20:13

«Нәтижелерге сәйкес, офицерлердің 30%-дан астамы жоғарғы лауазымдарға көтермелеу үшін резервке алынды; ал 16%-дан аса офицерлер – 2015-2017 жылдары оқытуға жіберуге ұсынылды, қалғандары – өз біліктіліктері мен атқаратын лауазымға сәйкестігін нақтылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, аттестаттау барысында әскерилердің дене, оқ ату, кәсіби, саптық және тактикалық даярлық деңгейін, заңнаманың, негізгі басшылық құжаттары мен міндетті әскери тәртіп пәндерін білуі, сондай-ақ психологиялық дайындығы тексеріледі.

Бұл іс-шара Қазақстанның Қарулы Күштерінде үш жылда бір рет өткізіледі және әр офицердің шама-шарқы, кәсібилігі, моральдық-іскерлік қасиеттері және оның әрі қарай әскери қызметтегі перспективасы анықталады.

Бүгінгі күні батальон (дивизион), бөлім командирлері және олардың орынбасарлары әскери лауазымдарын атқаратын офицерлерді аттестаттау бойынша бірінші кезең толығымен аяқталды. Аталған іс-шара бойынша жүргізілетін екінші кезең аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ҚР Қарулы Күштерінің қалған барлық офицерлік құрамы аттестаттаудан өтетін болады. 





Яндекс.Метрика