Өңірлер

Талдықорғанда Алматы облысы аудандарының мәдениет күндеру өтуде (ФОТО)

Алматы облысында биыл аудан-қалалардың мәдениет күндерінің басталғанына - 10 жыл. Бұл мерейлі жыл Қазақ Хандығының 550 жылдығымен, Қазақстан Конституциясы мен Ассамблеяның 20 жылдықтарымен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Алматы 21 Тамыз, 20:43

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Талдықорған маңындағы 8 аудан 1 қаланы біріктіріп, жаңа форматта өткізілген бұл шараға осы айтулы даталар негізгі тақырып болды.

Айта кету керек, Алматыға жақын орналасқан аудандар да алдағы айда мәдениет күндерін бірлесіп өткізетін болады. 

Өңірдегі мәдениет саласының  бюджеті биылғы жылы 616 млн. теңгені құраған. Өңірдегі 561 мәдениет нысандарында 27-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Облыстағы халықтық атағы бар ұжымдар саны бүгінгі күні 88-ге жетіп отыр.

«Жалпы, Елбасы аудандардың экономикалық өсімге қосатын үлесінің арасындағы алшақтықты жою  туралы міндет жүктеген еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында облыста елеулі жұмыстар атқарып жатырмыз. Оған өздеріңіз де үлес қосып келесіздер. Аудандарға жасаған жұмыс сапарларымда қант қызылшасы өнімін өсіру мен оны тиімді өңдеу, астық жинау, мал тұқымын асылдандыру ісінде жасалған игі істерді көрдім. Алдағы уақытта аудандарға көрсетілетін қолдаулар әрі қарай да жалғаса беретін болады. Қаратал ауданы мен Талдықорған арасындағы жолдың жөндеу жұмыстарын аяғына дейін жеткіземіз. Алакөл ауданында туризмді дамытуға жағдай жасап, көлде демалушыларға қызмет көрсететін ФАП саламыз, Үшаралға әуежай тұрғызып, демалушылардың Алакөлге ұшақпен баруларына мүмкіндік жасаймыз, көл айналасындағы тазалық мәселесімен айналысатын коммуналдық қызмет құрамыз», - деді аймақ басшысы А.Батталов.

Жиын соңында облыс басшысы А. Баталов шараға келген аудан, қала басшыларына дыбыскүшейткіш аппаратураларының сертификаттарын табыс етті.





Дерекнама

Яндекс.Метрика