Адами капитал

«Мерейлі Отбасы» Қазақстан отбасыларының қызықты өмірлік тәжірибелерін көрсетеді - Мухиндер отбасы

«Мерейлі Отбасы» байқауының артықшылығы ол арқылы еліміздегі өмірлік тәжірибесі мол түрлі отбасыларды көрсетуге болады, деп ағынан жарылды биатлон бойынша жоғарғы санаттағы бапкер Сауле Мухина «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.
Ақмола21 Тамыз , 12:23

«Байқаудың артықшылығы ол арқылы еліміздегі өмірлік тәжірибесі мол түрлі отбасыларды көрсетуге болады. Мысалы, біздің спортшылар отбасы, көпбалалы отбасылар, өрт сөндірушілер мен балаларды асырап алғандарды отбасы.  Әрине байқауға қатысу үшін бос уақыт керек, себебі байқауға қатысу үшін көп құжат қажет. Біз спортшылармыз және біздің уақытымыздың басым бөлігі жаттығуға кетеді. Біз байқауға қатысу үшін отбасымызды жан-жақты өмірбаянын жаздық», - деді С.Мухина.

Сонымен, Сәуле Мухина өз сұхбатында отбасындағы ерекше спорттық тәртіпті атап өтті.

«Мен жаттықтырушымын, жолдасым Александрда бапкер. Ұлкен ұлым Ренат 1994 жылы туылған, осыдан бес жыл бұрын жасөспірімдер құрамасына кірсе, енді Қазақстанның ер адамдар  құрамасына ауысты. 1998 жылы туылған кенжеміз Александр биыл жасөспірімдер құрамасына алынды. Ол облыс бойынша шаңғы жарысында бірінші. Бүгінде біз Олимпиада ойындарына дайындалудамыз, күніне үш рет жаттығамыз.  Таңғы 7-де таңертеңгілік жаттығу, сосын 10 және 16:00-де  кәдімгі жаттығу. Біз ойындарға дайындалуға бар күшімізді жұмсаудамыз», - деді С.Мухина.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика