«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Алматы мен Ляньюньган арасында жылдық жүк айналымы 100 мың контейнерге жетті – ҚР СІМ

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат .Нұрышев Ляньюньган қаласының (Цзянсу өлкесі) мэрі Чжао Сяоцзянмен кездесті, оның барысында тараптар транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде 21 Тамыз, 12:06

Бұдан басқа, тараптар  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ Ляньюньган теңіз портының мультимодалдық терминалының әрі қарай дамуын талқылады.

«Алматы мен Ляньюньган арасында контейнерлік пойыздар аптасына 5 рет қатынап, жылдық жүк айналымы 100 мың контейнерге жеткені атап өтілді. 2015 ж. контейнерлік тасымалдарды 250 мың контейнерге жеткізу жоспарланған. Ляньюньган порты Қытайдың орталық және батыс бөліктерімен байланыстыратын теңізге ең ыңғайлы әрі тез шығатын инфрақұрылымының арқасында, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін назарға ала отырып, порттың өткізу қабілетін арттыру және «Ляньюньган қаласы Қазақстан-қытай халықаралықлогистикалықкомпаниясының» қызметін кеңейту жоспарланған», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, екіжақты инвестициялардың көлемін арттыруға, сондай-ақ, Алматы-Ляньюньган бағыты бойынша және Қазақстан арқылы транзитпен Орталық Азия мен Еуропаның басқа мемлекеттеріне жүретін контейнерлік пойыздардың жүк тасымалын арттыру жөніндегі мақсаттарды іске асыру қажеттілігіне айрықша назар аударылды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика