Өңірлер

Астанада жыл басынан бері 9 812 пәтер пайдаланылуға берілді – ҚР ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 71126,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдесіне - 115%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 20,1%-ды құрады, - деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Астана қаласы21 Тамыз , 11:34

«Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1062570 шаршы метр 9812 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдесінен 185,5%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 30091 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдесіне - 87,4%», - делінген хабарламада.

Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2014 жылғы қаңтар-шілдесіне 6,1 % қарағанда 2,8%-ды құрады

Елордада 2015 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 114,4 мың теңгені, ал пайдалы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 156,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 88,5 мың теңгені құрады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика