Қатысушылар велосипедпен 15 шақырым қашықтықты бағындырып, жартылай марафонда 5 шақырымға жүгіреді. Жолдың жалпы ұзындығы мерекелік датаға орайластырылған.
Спорттық шара 29 тамызда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады. Дуатлонға ынта білдірген адамдардың барлығы қатыса алады. Айта кетейік, осы сияқты жарыс барша әлем бойынша ірі қалаларда тұрақты түрде өткізіледі және кеңінен тараған.
«Астана-дуатлон 2015» спорт пен дене шынықтыруды дамытуға үлес қосады, сонымен қатар, халық назарын салауатты өмір салтына аударады.