Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қызылорда облысында Жол картасы аясында өндірістік аймақ салынады

Жол картасы аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Жосалы кентінде биылғы жылы индустриялды аймақ құрылысы басталып, аяқталады. Оған ауданның шағын өндіруші кәсіпорындары ораналасады деп күтілуде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қзыметінен хабарлады.
Қызылорда21 Тамыз , 11:04

Қармақшы ауданының экономикасын құраушы негізгі сала - ауыл шаруашылығы болып саналады. Бүгінде мемлекеттік қолдау шаралары арқылы ауылшаруашылығына жеңіл несиелермен субсидиялар берілуде. Лизингке техникалар алынуда. Осындай қамқорлық шаруалардың дамуына тиімді болып тұр.

Нәтижесінде егіс көлемі артуда. Биылғы жылы егіс көлемі 21 983 гектарды құрады, оның ішінде 15390 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға  артық егілді.

Мал басының да барлық түрлерінде өсім бар. «Сыбаға», «Құлан», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары бойынша жобалар жүзеге асуда.

Қазіргі уақытта аудан экономикасының базалық негізін егін шаруашылығындағы күріш өсіру құрайды. Сондай-ақ, ауданда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер мол, өндіруші кәсіпорындар ашуға да ауданның әлеуеті жеткілікті. 

Осы мәселелерді жүйелі шешу мақсатында «Қармақшы ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған жол картасы» қабылданды.

Жол картасы аясында Жосалы кентінде биылғы жылы индустриялды аймақ құрылысы басталып, аяқталады. Оған ауданның шағын өндіруші кәсіпорындары ораналасады деп күтілуде.




Дерекнама

Яндекс.Метрика