Мәдениетті жаңғырту

Л.Ни: Күйбең тіршіліктің проблемаларын шешу үшін оларды мәдениет призмасы арқылы көрсету керек (ВИДЕО)

Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» табысты жүзеге асыру үшін күйбең тіршіліктің проблемаларын мәдениет призмасы – театрлардың репертуарында көрсету керек, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Любовь Ни «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.
Астана қаласы 21 Тамыз, 09:48

«Театрларымыздың сахнасында жалпы адамзат құндылықтарын насихаттайтын қойылымдар қойылуда – олар отанға деген махаббат, патриотизм, бауырмашылдықты насихаттайды. Енді біз тереңірек үңілуге тырысудамыз. Біз күнделікті күйбең тіршіліктегі барлық проблемаларды көргіміз келеді, мәселен жемқорлықпен күрес, Егеменді Қазақстанның жаңа құндылықтары, еліміздің жаңа азаматтарының келбетін спектакльдарда көргіміз келеді. Менің есептеуімше, осылайша Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» табысты жүзеге асыруға келеміз», - деді Л.Ни.

Аталып өткендей, мәдени жаңарудың  бір белгісі колледждердің, жоғарғы оқу орындарының шығармашылық мектептерін ҚР МСМ тапсыру болып табылады. Өнер саласындағы баршаға ортақ бағдарлама шығармашылық кадрларын дуалды білім бері принциптерінің негізінде даярлауға бағытталған.

Анар Тәңірқұлова 





Дерекнама

Яндекс.Метрика