Президент тапсырмаларының орындалуы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шамамен 300 мың адам мемлекеттің қолдауына ие болды – ЕХӘҚМ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шамамен 289 мың адам мемлекеттің қолдауына ие болды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында.
Астана қаласы24 Қазан , 17:33

«Бағдарламаның орындалу қорытындысы бойынша 226 мың адам жұмысқа орналасты, 108 мың бағдарламаға қатысушы оқумен қамтамасыз етілді, солардың көпшілігі (82 пайыз) оқуларын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірбиесіне 112,1 мың адам жөнелтілді», - деді Т.Дүйсенова.

Бағдарлама аясындағы қаржылық қолдаудың арқасында 15,5 мың ауыл азаматы өз кәсіптерін ашу мен кеңейтуге мүмкіндік алды.

Хабарламада айтылғандай, тұйықталған тұрғылықты жерлердің 11 мың адамы  экономикалық даму үстіндегі елді-мекендерге қоныс аударды, соның 76 пайызы жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, отырыста мемлекеттік бағдарламаның орындалуында есептеу комитеті мен қаржы полициясы тарапынан анықталған құқық бұзушылықтар қарастырылды. Құқық бұзушылықтың 98 пайызы тәртіптік сипатта орын алса, 1,8 пайызы сапасыз жоспарлау мен қаржыны мақсатсыз жұмсаудан туындаған.

Аталмыш құқық бұзушылықтар бойынша тәртіпсіздікті тыюға бағытталған шаралардың жоспары, бағдарламаның мақсатты көрсеткіші мониторингінің талабын күшейту мен бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысты облыс әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының есептерін тыңдау енгізілуде.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика