Басқару

ҚР Президенті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы мен жәрдемақыны арттыруды тапсырды

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру үлгісі бір жылға алдығы жылжытылады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеруді тапсырамын, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада.
Астана қаласы20 Тамыз , 18:23

«Осындай қиын-қыстау кезеңде халыққа қолдау көрсету керек. Біз азаматтық  қызметкерлердің жалақысын төлеу, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру, жәрдемақы мен шәкіртақыны арттыру үлгісін енгізу туралы жарияладық.  Қаржы жетпегеннен кейін Үкімет оны 2017 жылға қалдырған болатын, енді бүгінгі қалыптасқан жағдайда бір жылға алдығы жылжытуды және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеруді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бұл Қазақстан азаматтары үшін үлкен қолдау.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика