Басқару

Н. Назарбаев Ұлттық банкке жеке тұлғалардың жедел салымы бойынша өтемақы механизмін енгізуді тапсырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке жеке тұлғалардың жедел салымы бойынша өтемақы механизмін енгізуді тапсырды.
Астана қаласы20 Тамыз , 18:19

«Айырбас бағамының өзгеруіне байланысты шығынды төмендету үшін Ұлттық банкке 2015 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың жедел салымы бойынша өтемақы механизмін енгізуді тапсырамын. Ол бағам бекітілген. Есепшотта қалған сома бір миллион теңгеге дейін. Азаматтарға ескі бағам бойынша айырма өтелетін болады, ол үшін азаматтар өздерінің депозиттеріндегі қаржысын арнайы есепшотқа қайта рәсімдеу керек және оны бір жыл бойын банкте сақтау керек. Бұл 1,7 миллион адамға немесе барлық депозиттердің  86 пайызына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Президент ТҰҚЖБ салымшыларының мәселесін шешуді тапсырды.

«ТҰҚЖБ салымшыларымен мәселе туындап отыр. Олар пәтер алуға несие алу үшін қаржыларын жинады. Бұл адамдардың жинаған қаржысы босқа кетпеу керек. Қиындықтарға қарамастан біз әлеуметтік көңіл күй жақсы болуы үшін жағдай жасаудамыз», - деп түйді Президент.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика