Басқару

ҚР Президенті: Үкімет азық-түлік тауарларының бағасын бақылайтын болады

ҚР Үкіметі азық-түлік тауарларының бағасын бақылайтын болады, деп хабарлады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы еліміздің ірі өндірушілерімен кездесу барысында.
Астана қаласы20 Тамыз , 17:43

«Бұл осы кезде өте маңызды мәселе. Сондықтанда біз барлық әкімдерімізге ескерттік, Қазақстанда өндіріліп жатқан азыл-түлік тауарларының бағасы өспеу керек, осында сатылып жатар- қымбатшылық болмау керек», - деді ҚР Президенті.

Елбасы қадап айтқандай, пайда көргісі келгендерді Үкімет ұстайтын болады және қатаң жазалайды.

Бұдан басқа, Н. Назарбаев ерекше атап өткендей, мемлекет мүмкін болатын тұстарда қысқартуға және оңтайландыруға барады, алайда әлеуметтік шығындар еш өзгеріске ұшырамайды.

«Бүгіннің өзінде бюджетпен байланысты жағымсыз жағдайларды байқап отырмыз. 2015 жылы бағалау бойынша  бюджетке 264 миллиард теңге қаржы түспей қалған. Ал, бұл қаржының барлығын біз көптеген құрылыс жұмыстарына, бағдарламаларға шығындауды жоспарлаған болатынбыз. Осыған дейін хабарлағанымдай,  біз өзіміздің барлық шығындарымызды барыншы қысқартуға мәжбүр болдық, әрине әлеуметтік шығындарды алмағанда», - деді Елбасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика