Адамзаттық капитал

Астанада Қазақстанның әскери қызметшілері - «Достастық жауынгері» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ВИДЕО)

Жамбыл облысының «Отар» 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасында өтіп жатқан «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Әскери-кәсіби шеберліктің ерекше байқауы Қазақстанда бірінші рет өтті. Бүгін Астанада жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Астана қаласы 20 Тамыз, 17:28

«Бүгін біз жатқан «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауының қорытындысын жасауға дайынбыз. Жалпы, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан әскери қызметшілері алты байқау бойынша сайысқа түсті. Атап айтсақ, АРД кедергі жолағын игеру, Ф-1 гранатасын дәл лақтыру және дене даярлығы, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қару лақтыру және нысананы дәлдеу. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті», - деді сержант-генерал штабының жұмысы  бойынша басқарма бастығы мастер сержант Темірбек Халықов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.

Сонымен, жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері барлығынан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын – Беларусь Республикасына, үшінші орын – Ресей Федерациясының командасына бұйырды. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері түрлі аталымдарда жеңімпаздар атанды. Атап айтқанда, «Эрудит» - кіші сержант Людмила Губарева, «Қыз/жігіт» - аға сержант Рустем Сәтжанов, «Атлет» - сержант Орынбек Сәндібеков, «Мерген» аға сержант Рүстем Сәтжанов, «Үздік жауынгер қыз» - кіші сержант Людмила Губарева, «Кәсіпқой жауынгер» - аға сержант Әміржан Маушев алды. «Достастық жауынгері» бас аталымының жеңімпазы сержант Орынбек Сәндібеков (1орын), аға сержант Рүстем Сәтжанов (2) және аға сержант Әміржан Маушев (3) еншіледі.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика