Басқару

Н. Назарбаев: Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы еліміз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала алады

Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы елімізді ірі өндірушілерімен кездесу барысында.
Астана қаласы20 Тамыз , 16:49

«Үкімет пен Ұлттық банктың қабылданған шешімі экспорттаушылардың, «Атамекен» ҰКП мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші негізінде қабылданды. Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз», - деп сендірді ҚР Президенті.

Н. Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда миллиондаған адамдар өз жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмысын одан ары жалғастыруда. «Экспорттаушы кәсіпорындарда қалыптасқан жағдай оның жұмысшыларының жалақысына әсер етпеу керек, келешекте жағдай жақсарады деген ойдамыз, ол бізге еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді  Елбасы.

Президент баса айтқандай, соңғы жылдары әлемдік экономиканың күрт нашарлауы байқалып келеді.

«Дағдарыс барлық бағыттар бойынша кеңінен етек жаюда: шикізат тауары, валюта, қаржы нарығы. Сондықтан бұл «дауылдан» ешкім қашып құтыла алмайды. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры әлем экономикасының өсімі бойынша болжамдарын тағы да төмендетті. Яғни, 3,5 пайыздан 2,8-2,5 пайызға дейін. Біздің маңызды экспорттық әлеуетіміз мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.

Сонымен, Елбасының айтуынша, теңге өткен жылдың маусым айындағы 115 доллардан 48,5 долларға дейін төмендеді. Құлдырау 2,4  есе болды. 2011 жылы басталған металл бағасының төмендеуі әліде жалғасуда. Металл бағасының индексі 45,5 пайызға төмендеді. Тек, ағымдағы жылдың өзінде мыстың бір тоннаға құны 6300-ден 5100-ге дейін төмендеді. Мұнай мен металлдың төмен бағасы сақталуда және алдағы бес жылда жағдай солай қалып қоюы мүмкін. «Ішкі жағдайларына байланысты ірі сауда серіктестеріміз Ресей мен Қытай тарапынан қазақстандық экспорттық өнімге деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Бұл тенденцияда қысқамерзімді болып келмейді. Ресей экономикасының түсімі екі еседен астам күшейіп кетті. Қытай экпорты шамамен 8%-ға азайды. 2014 жылдан бастап доллардың өзге валюталарға қарағанда нығаюы байқалып келеді. Тек соңғы жылдары еуро долларға қарағанда 26 пайызға, жапон йені 22 пайызға, австралиялық доллар 27 пайызға, канадалық доллар 23 пайызға, норвегиялық крон 35 пайызға,  малазиялық валюта  30 пайызға, чили песосы  18 пайызға, бразилиялық реал 55 пайызға арзандады. Барлық жерлерде жағдай төмендеуде», -  деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент толықтырып кеткендей, Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестері де өз валюталарын долларға шаққанда құнсыздандырған.  Ресейлік рубль екі есе, беларусиялық 56 пайызға, армениялық валюта 17 пайызға құлдырап кеткен. Осылайша көптеген елдер өз валюталарын жаппай құнсыздандырған. «ҚР Ұлттық банкінің бағалауы бойынша, еліміздің экспорты алғашқы жарты жылдықта 73 пайызға төмендеген. Импорт өсіп, елміздің сауда балансы азаюда. Бүгіннің өзінде біз кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегенін көріп отырмыз және оның бәрі жұмысшыларға әсер етуде», - деп түйді Елбасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика