Президент тапсырмаларының орындалуы

Алматыда «жасыл» экономикаға өту бойынша форум өтті

Бүгін, 24 қазан күні Алматыда «жасыл» өсудің өңірлік желісін қалыптастыру» атты аймақтықфорум өтті, деп Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы24 Қазан , 17:21

 «Қатысушыларға «жасыл» жаңғыртудағы айтарлықтай әлеуеті бар энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу секторларының даму перспективалары бойынша аналитикалық және басқа да материалдар ұсынылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Форумға ҚР Парламентінің депуттатары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен отандық сарапшылар қатысты.

Форум жұмысы Қазақстандағы «жасыл» экономиканың негізгі бағыттарын дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс отырысымен ашылды.

Шара аясында бизнесті «жасыл» экономикаға көшу жағдайында дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Осы орайда «жасыл» бизнес жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендер ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне ұсынылатын инновациялық бизнес-идеялар мен ноу-хау жобаларымен танысты.

 




Яндекс.Метрика