Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Астана-Щучье» ақылы жолы бойынша ақыны енді QIWI терминалдары арқылы төлеуге болады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және QIWI Kazakhstan «Астана-Щучье» ақылы жолы бойынша QIWI терминалдары арқылы төлейтін төлемді іске қосты.
Астана қаласы21 Тамыз , 10:03

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, автомагистральдың ақы алу пунктінде пайдаланушылар үшін арнайы қозғалыс жолағы бөлінді, сондай-ақ, транспондер орнатылғандарға да (жүргізушінің және кассир-оператордың қатысуынсыз автоматты түрде ақы алуды қамтамасыз ететін автомобильдің маңдай терезесіне бекітілген электронды құрал). Осылайша, ақы алу пунктінің жылдамдығы артады.

Терминал арқылы қызметті қолдану үшін бас мәзірдегі «Көлік және туризм» немесе «Айыппұл, салық, мемлекеттік қызметтер» деген екі пункттің біреуіне кіру керек. Бұдан әрі «ҚазАвтоЖол» Ақылы жолдар» провайдерін таңдап, көлік құралының мемлекеттік нөмірін теру керек, көрсетілген ақпараттардың дұрыс екендігіне көз жеткізіп, қолма-қол ақша салып, ақы төлеуді жүзеге асыруға болады. Аталған қызмет бойынша комиссия 3% құрайды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы жолдар дирекциясының жетекшісі Арман Жүсіповатап өткендей, аталған қызметті енгізу арқылы Астана және Щучье қалаларына шығу пунктеріндегі кезекті азаяды.  




Яндекс.Метрика