Қазақ хандығына 550 жыл

Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ҚР-ның тарихы бойынша зияткерлік жарыс өтті

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерейтойына орай Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Тарих - таным» атты интеллектуалды ойын өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда20 Тамыз , 19:32

Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, жастардың білімдерін арттыру, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттап, Отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен шараға ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, ақсақалдар және ауылдың белсенді жастары қатысты. Интеллектуалды ойынға «Алаш», «Жас қырандар», «Болашақ» атты 3 топ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Тарихи деректер», «Тарихи оқиғалар», «Конверт-сұрақ» бойынша төрт кезеңнен тұратын ойын шарты бойынша сайысқа түсті. 

«Қазылар алқасының мүшелерінің шешімімен 1 орын 67 ұпай жинаған «Алаш тобына» табыс етілді. Жүлделі 2 орынға 51 ұпаймен «Болашақ тобы» лайықты деп танылса, 3 орын қоржынында 50 ұпай бар «Жас қырандар тобына» бұйырды», - делінген хабарламада.

Тағылымды шараның жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлестерін қосып, жеңімпаздар қатарынан көрінген қатысушыларға арнайы дипломдар табыс етілді.




Яндекс.Метрика