Өңірлер

Жамбыл облысында жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп пайдаланылуға беріледі

Жамбыл облысында 2015 жылы 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланғанү Бұл туралы білім беру саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде белгілі болды.
Жамбыл20 Тамыз , 19:14

Әкімдіктен атап өткендей, бүгінде облыста 24 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 9 нысан іске қосылады деп күтілуде, оның бірі Жамбыл ауданы Еңбек ауылындағы 120 орындық мектеп жаңа оқу жылына балалар қабылдауға дайын.

«Жиынға қатысқан облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев жіберілген бірқатар кемшіліктер мен ұлттық бірыңғай тест жайын қозғады. Бірнеше мектеп гимназия мәртебесін ақтай алмағаны да айтылды. Сынақ қорытындысы бойынша аймақтың орташа балы 78, 6-ны көрсетіп, 40 түлек 120-дан астам балл жинаған болатын», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жиын барысында білім саласының үздіктеріне алғыс хаттар мен медалдар тапсырылды. Ақшалай сыйлықты  2 гимназия иеленді: №45 Бауыржан Момышұлы атындағы гимназия 500 мың олжаласа, 40 гимназия 17 млн. 291 мың  теңгенің сертификатын еншіледі.

Бұдан басқа, аймақтың 15047 педагогы өз сабақтарында инновациялық технологияның 15 түрін  қолданған. Басты назар аталған саладағы жаңашылдыққа аударылды. Бұл мақсатта өңірде 52 тәжірибелік алаң ашылған. Ағымдағы жылы білім саласын дамытуға 75 миллиард теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика