Адамзаттық капитал

ҚР Қарулы Күштерінің жас офицерлері мен сержанттары Ар-намыс кодексін қабылдады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының базасында шетелдің жоғарғы әскери оқу орнын бітірушілермен, Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерімен, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына түскен сержанттармен өткізілген жиын аяқталды. Жиын 85395 әскери бөлімінің аумағында өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Казахстан 21 Тамыз, 09:32

Биыл бөлу бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдерінде әскери қызметті әрі қарай атқару үшін Қазақстанның жоғарғы әскери оқу орындары мен шетелденжүзден аса лейтенант, биылКадет корпусын бітірген 55 кәсіби сержант келді.

Жиын барысында жас офицерлер мен сержанттар қызметтің негізгі қағидаларымен және ережелерімен танысты. Тәлімгер офицерлер өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Аға тәлімгерлерден алған кеңестері жас мамандарға жаңа орындарда іске кірісуге, оны меңгеруге және сәтті бейімделуге ықпал етеді. Ар-намыс кодексін қабылдау рәсімі қолданыстағы әскери ережелердің барлық талаптарын сақтау арқылы өтті. Жиын өтетін орынға Жауынгерлік Ту мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының баянатын әкелген соң ресімге дайын екендігі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Туы көкке көтерілді.

«Ар-намыс кодексі жас офицерлер мен сержанттарды өз кәсібіне адал және шын берілуге ғана емес, сонымен қоса қызметті сапалы атқаруға, өктемдік танытуға, берілген құқықты теріс пайдалануға жол бермеуге міндеттейді. Олар кез-келген заңсыздық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы, заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы, сондай-ақ сөзі мен ісіне адалдығын сақтауы, Отан үшін адал қызмет етуі тиіс», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.





Дерекнама

Яндекс.Метрика