Үкімет

Е. Досаев: Қазақстан кәсіпорындарды оңалту және сауықтырудың америкалық үлгісіне көшеді

Қазақстан кәсіпорындарды оңалту және сауықтырудың америкалық үлгісіне көшеді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан20 Тамыз , 12:03

«Біз кәсіпорындарымызды оңалту, сауықтыру мәселелерін оларды жою форматында қабылдаймыз, Осы ретте, біз алдыңғы қатардағы үлгіге көшеміз - яғни АҚШ-та кәсіпорын өзін төлеуге қабілетсіз деп жариялағаннан кейін оны оңалту және сауықтыру бойынша жоспар түзіліп, шаралар қабылданады. Ол кезде несие берушілер жиналады және кәсіпорынның одан ары жұмыс істеуіне тағы бір мүмкіндік береді», – деді Е. Досаев.

Министр атап өткендей, бүгінде  жою және активтерді жаппай сату көзделген.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай бұл бизнес үшін өте маңызды. Яғни біз 180 градусқа бұрыламыз, оның одан ары жұмыс істеуі үшін немесе жақсы жекеменші иесі пайда болуы үшін», – деді Е. Досаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика