Үкімет

Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты – Келімбетов

Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан20 Тамыз , 11:47

«Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды. Бұл еркін айналымға көшкеннен кейінгі алғашқы нәтиже», – деді ол.

Оның айтуынша, ол бекітілген бағам емес.

«Бұрын бізде бекітілген бағам тәжірибесі қолданылатын, бүгінде біз еркін айналымға көштік. Яғни теңгенің бүгінгі құнын сұранысқа байланысты нарық өзі белгілейді», – деді Қ. Келімбетов.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика