Үкімет

Б. Сағынтаев: Шамамен 39 төмен рентабельді компанияларға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ПҚӨС төмендетіледі

Шамамен 39 төмен рентабельді компанияларға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ПҚӨС (пайдалы қазбалар өндіру салығы) төмендетіледі, бұл өз кезегінде жалпысалықтық салмақты 8 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан20 Тамыз , 11:32

«Шілде-тамыз айларында біз ҰКП бірлесіп жұмыс істедік, нәтижесінде жедел шаралар жоспары жасақталды, ол жақын арада ҚР Үкіметімен қабылданатын болады. Мұнайгаз саласында мұнайды өндіру төмендемеуін болдырмау жоспарлануда», – деді Б. Сағынтаев.

Бірінші вице-премьер атап өткендей, «Kazenergy» қуымдастығымен бірлесіп барлық 57 мұнайгаз өндіру компанияларына терең зерттеу жүргізілді.

«Нәтижесінде 39 төмен рентабельді компания іріктелініп алынды. Сонымен, осы 39 төмен рентабельді компанияларға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ПҚӨС төмендетіледі, бұл өз кезегінде жалпысалықтық салмақты 8 %-ға немесе 46 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Б. Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика