Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР-да көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бағдарламасы аясында ағымдағы жылы автовокзал пен 8 автостанция пайдаланылуға беріледі

ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 автостанция, 7 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен 99 такси тұрағы салынды және пайдалануға берілді. 2015 жылы 1 автовокзал, 8 автостанция, 22 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен 151 такси тұрағы салынуы және пайдалануға берілуі белгіленген, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Казахстан21 Тамыз , 10:18

Аталып өткендей, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен 8 автовокзал, 43 автостанциялар 160 жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін (кенттер, ауылдар) және 1048 такси тұрақтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, стандарттардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандарттарды міндетті қолдану жөніндегі заңнамалық нормалар көзделген.

Бұдан басқа, 2014 жылы ашылған жаңа маршруттар есебінен тұрақты жолаушы қатынасымен қамтылған ауылдық елді мекендер саны 5 200 бірлікке жетті, бұл Қазақстанның осындай елді мекендерінің жалпы санының 6 623 бірлігі ішінде 78,5 %-ды құрайды.

Инфрақұрылымды, автомобиль жолдары мен тасымалдаушыларды 2020 жылға дейін дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық (100 %) қамту қамтамасыз етілетін болады, бұл үшін тұрақты жаңа маршруттар ашылатын болады.

Қазіргі күнде АКҚ 13,8 мың бірлік (ХЖТ жүйесі бойынша 6 мың) паркі бар 3,5 мың халықаралық тасымалдаушылар саналуда.

Жүктерді тасымалдау географиясын одан әрі кеңейту айтарлықтай маңызды болып табылады, ол үшін Дания, Португалия және БАӘ-імен халықаралық автомобиль тасымалдары саласында жаңа келісімдерге қол қою жұмыстары жүргізіледі. 




Яндекс.Метрика