Үкімет

Институционалды реформалар Қазақстан экономикасын дамытуға және әртараптандыруға мүмкіндік береді – Ұлттық банк

ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға, дамытуға, сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуы мүмкіндік береді, деп ағынан жарылды Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан20 Тамыз , 11:17

«Бүгінде біз жаһандық экономикалық шынайылықты байқап отырмыз, оның ішінде мұнай бағасының диапазоны да бар. Жалпы шикізатқа бейімделген мемлекетер үшін, оның ішінде бізге Қазақстанға да ол өте маңызды. Біз Ресей мен Қытай нарығындағы белгілі бір қиындықтарды да көріп отырмыз», – деді Қ. Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, бүгінде әлемдік валюта секторына қарсы АҚШ доллар бағамының нығайғанын күтіп отыр.

«Еуро соңғы уақыттары  20%-ға әлсіреді. 5–10 жыл ішінде жағдай мүлдем басқа болады, әр мемлекет өз жауабын дайындауда – мемлекеттің экономикалық саясаты. ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға,  дамытуға,  сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуға мүмкіндік береді», – деді Қ. Келімбетов.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика