Үкімет

К.Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды.
Астана қаласы20 Тамыз , 10:34

«Аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға  айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу керек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайтын құжаттар топтамасыз қабылдауды тапсырды.

«Сіздер мониторинг жүргізулеріңіз қажет, жалпы үйлестіру мен жедел шаралар бойынша Б.Сағынтаев, әлеуметтік мәселелер бойынша Б.Сапарбаев айналысатын болады», - деді К. Мәсімов.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика