Үкімет

К. Мәсімов: Қазақстан экономикалық саясатын дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінеді

Біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.
Астана қаласы20 Тамыз , 10:13

«Әрине, еркін ағым жүйесі –біз үшін жаңа процесс. Біз өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттедік, біздің экономикалық құрылымымыздың ерекшелігін ескере отырып осы бағытты дұрыс деп есептейміз. Сондықтанда біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз. Олар бізге ұқсайды және бізден дамудың жоғары деңгейінде», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Бұдан басқа, К. Мәсімов  баса айтқандай, бұл экономикалық трэнед ұзақмерзімді болып келеді  және 5-7 жылға есептелген.

«Біз таңдап отырған экономикалық трэнд – ұзақмерзімді екенін есепке алған жөн, ол 5-7 жылға арналған. Біз осыған келіп жеттік, ол реформаның құрылымдық бөлімінің бір бөлігі», – деді Үкімет басшысы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика