Ұлттың денсаулығы

Павлодарда ҚР-ның жазғы паралимпиялық ойындары басталды

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының ІV жазғы Паралимпиялық ойындары басталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 600-ге жуық спортшы қатысуда.
Павлодар20 Тамыз , 15:17

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Қыдырбек Рысбектің айтуынша, Суда жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика, волейбол, үстел теннисі және де арбамен билеу сияқты 7 паралимпиялық спорт түрінен 424 медаль жиынтығы ойнатылатын болады.

Ойынның қортындысы бойынша спортшылар мен командалар әр түрлі дәрежелі дипломдарға ие болып, кубоктар, медальдар және де бағалы сыйлықтармен марапатталады. Айта кету керек, ІV Паралимпиялық ойындары 2016 жылы Рио-де Жанейро қаласында өтетін Паралимпиялық ойындарға лицензиялар ұтып алудың дайындық сатысы болып табылады.

Жарыс Павлодар қаласының 6 спорттық объектілерінде өтеді, олимпияда қатысушыларын: «Шымыр» жүзу бассейні, ШЖҚ «Спорттық клуб» КМК, «Баянтау» спорт сарайы, С. Торайғыров ат. ПМУ стадионы, «АОТДТО» атыс тирі, Павлодар қ. орталық стадионы қарсы алады» - деп атап өтті, «Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары Алексей Крючков.

МСМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған 10 спорттық ұйым, Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында екі мамандандырылған спорт мектебі жұмыс жасауда. Петропавл қаласында жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық бөлімінің жұмысы сәтті жүріп жатыр. Сонымен қатар, Павлодар облысының спорттық және мүгедектік ойын түрлері бойынша балалар мен жастар спорт мектебінде, Қызылорда қаласындағы мүгедектік спорт түрлерінің бөлімі «Мұз айдыны» спорттық кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.

Жыл сайын ҚР мәдениет және спорт Министрлігі тарапынан әртүрлі дәрежедегі мүгедектер арасында70-ке жуық республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі. Оларға төрт мыңнан астам спортшы-мүгедектер қатысады, оған қоса халықаралық сайыстарға қатысу үшін оларға қаржылай көмек көрсетіледі.




Яндекс.Метрика