Ұлттың денсаулығы

Оралда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXII ашық жазғы чемпионатты (ФОТО)

Оралда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXII ашық жазғы чемпионатты, деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 20 Тамыз, 20:13

2015 жылғы республикалық чемпионатқа елдің он төрт өңірінен  19 команда, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының, Тараз қаласының техникалық институтының, «Өрт сөндіруші» АҚФ командалары қатысады. Оның ішінде - 12 әйелдер командасы.

Осы күні чемпионаттың алғашқы кезеңінде – кедергілері бар 100 метрлік қашықты өту оздырылды. Бұл кезең көптеген жеңісатер мен жетістіктерге жеткізді.  Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы әйелдер командасының спортшысы Колотова Марина 17.09 көрсеткішпен Қазақстан Республикасының жаңа рекордын орнатып, жеңімпаз атанды. Екінші орында 17.36 көрсеткішімен Баранник Камила (Астана қаласы), 17,40 көрсеткішпен үшінші орынды Гулюкина Александра (ОҚО) иеленді.

Ер адамдар арасында жеке есепте бірінші орынды –көрсеткіштері 16.22 Агафонов Дмитрий (БҚО), екінші орынды Снегирев Дмитрий (ШҚО), үшінші орынды  көрсеткіші 17.28 Мулдашев Руслан  («Өрт сөндіруші»АҚФ) иеленді.

Жарыстың бірінші күнінің нәтижелері бойынша жалпы командалық орындар келесідей: бірінші орында – «Өрт сөндіруші» АҚ, екінші орында – Ақмола облысы, үшінші орында- Батыс Қазақстан облысы. 





Яндекс.Метрика